• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:20

600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру: Өңір медицинасындағы былықтың беті ашылды

10 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдің денсаулық сақтау саласында миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау нысандары науқастарға көрсетілмеген медициналық қызмет түрлерін тіркеп отырған. Сондай-ақ, кей мекеме мамандарының біліктілік талаптарына сай келмейтіні белгілі болған. Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты да құқық бұзушылықтар анықталған.

Ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі айғақталған. Заңсыз иеленілген қаржы еншілес ұйым қызметкерлерінің шотына аударылып келген.

Іс жүзінде медициналық мекемеге жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін де ақы төлеу фактілері тіркелген.

МӘМС қаржысын жымқырғандар сотталды

Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Бұған дейін Астанадағы клиника мен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы бюджет қаржысын жымқырып келгенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар